Қоғам

Депутат: экстремисттер түрмеден шыққандарға жұмыс, баспана тауып беруде

© AP Photo/Vadim Ghirda, FileТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттар Қазақстанда терроризм үшін сотталғандарға арнап колониялар базасында арнайы зона ашуды ұсынды.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Экстремисттік ұйымдар түрмеден шыққандарға жұмыс, баспана тауып беріп, тіпті отбасын құруға көмектесуде, сол себепті олардың басым көпшілігі бостандыққа шыққаннан кейін мемлекеттен гөрі, экстремисттердің қолдауына ие болады деп мәлімдеді ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

"Тәжірибеден байқағанымыздай, мемлекеттік құрылымдармен салыстырғанда кейбір экстремисттік ұйымдар түрмеден кейінгі оңалту шараларына бұрыннан бері бейімделген. Олар түрмеден шыққан мүшелері мен жаңа рекруттарды баспана және жұмыспен қамтамасыз етіп, тіпті отбасын құруға жәрдем береді", — деді Смирнова.

Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

Оның пікірінше, терроризм мен экстремизм үшін жазаны өтеу мерзімін ұзарту түрме қабырғасында болашақ террористтер мен экстремисттердің жиналуына әкеп соғуы мүмкін. 

"Сол себепті осы тұрғыда, әсіресе жас қамалушылардың арасында радикалды идеялар тарап кетпеуі үшін, Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қатысты баптармен сотталғандарға арнайы колониялар немесе колониялар ішінде арнайы зоналар құру мәселесін тез арада қарастыру қажет",  - деді депутат.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жеке түрмелер құрудың пайдасы зор. Негізі дәйектер үнем мен тиімділік болып саналады, себебі бұл жағдайда бюджетке түскен салмақ азайып, сотталғандарды ресоциализациялау сапасы артады.    

Жаңалықтар
0