Өңірлер

Ақтөбедегі терактіге қатысты айыпталушылардың соты басталды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСотталушылар сот үдерісі кезінде
Сотталушылар сот үдерісі кезінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде 5 маусым күнгі терактіге қатысы бар деп айыпталған 29 адамның ісі бойынша сот үдерісі басталды.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Ақтөбеде 5 маусым күнгі терактіге қатысы бар деп айыпталған 29 адамның ісі бойынша сот үдерісі басталды. Бастапқы тыңдау Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша арнаулы ауданаралық сотта өтті.

Сот алдында 29 адам келді, олардың тоғызы бір қатар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде террорлық актіге қатысқаны үшін айыпталып отыр, 18 – алдын ала әзірленген қылмысты ескертпегені үшін, 2 – қылмысты жасырғаны үшін.

Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Бұл іс бойынша 215 сот сараптамасы мен 26 тергеу жұмысы тағайындалып, жүзеге асырылды. Облыс прокуратурасының келісімімен тергеу мерзімі мен күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі төрт айға дейін ұзартылды.

7 қазан күні террорлық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істің деректері сотқа жіберілді.

Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды. Іс бойынша 48 адам куәгер болады, ал зардап шегуші ретінде 88 адам сотқа шақырылады.

Ақтөбе облыстық соты БАҚ өкілдеріне бүкіл жағдай жасап, арнайы зал бөлгізді. 


Жаңалықтар
0