Өңірлер

Сейсенбіде Қазақстан тұрғындарын жауын-шашынды ауа райы күтеді

© Sputnik / Болат Шайхинов Астанада алғашқы қар жауды
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер бірқатар облыстарда тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді, деп болжайды.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Сейсенбіде Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер жауын-шашын жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Синоптиктердің болжауынша, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді. 

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қыс тақап қалды: синоптиктер алдағы мезгілге болжам жасады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі.


Жаңалықтар
0