АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша ресми дилерлер 30 мың 759 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатты. Ол көрсеткіш өткен жылғы (74 911 бірлік) осындай мерзіммен салыстырғанда 59%-ға төмен.
Құны бойынша сатылым 569 миллион АҚШ долларын құрады, деп хабарланады "ҚазАвтоПром" Қазақстан автомобил саласы кәсіпорындары одағы таратқан баспасөз баянда.
Қыркүйекте сатылым көлемі 2015 жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда 8 129 бірлікке қарсы 3207-ге дейін төмендеді.
Өткізудің теріс динамикасы 2014 жылғы ІІ тоқсаннан басталған. Бұған себеп ұлттық валюта девальвациясы мен несие қорлары қолжетімділігінің төмендеуі болған.
Есептік мерзім қорытындылары бойынша қазақстандықтардың ең көп сатып алған брендтерінің көшін Lada бастайды, тоғыз айда Қазақстанда 6086 автокөлік сатылған. Toyota дилерінің сатуы 5728 бірлікті құрайды. Үшінші орында 2925 сатылған автокөлік көрсеткішімен Renault келеді.