Экономика

"ҚазАгро" ет және сүт өнімдерінің бір бөлігін "көлеңкеден" шығарады

© Sputnik / Медиабанкке өтуСүт комбинаты
Сүт комбинаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сүт қабылдау пункттерінің желісін және отбасылық бордақылау алаңдарын құру туралы жобаларды қаржыландыру жылдық 6%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. "ҚазАгро" холдингі 2016-2017 жылдардағы бюджеттегі қосымша қаражат есебінен ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша жеке қосалқы шаруашылықты "бейресми" айналымнан шығармақшы деп хабарлады "Ұлттық басқарушы холдинг "ҚазАгро" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева дүйсенбі күні. 

Республикалық бюджеттен 51,7 миллиард теңге көлемінде холдингті қосымша бюджеттік қаржыландыру биылғы және келесі жылғы экономикалық дамуды ынталандыру және жұмыспен қамту бойынша қосымша шаралар аясында бөлінген.

"Біз бұл қаражатты Елбасы 2016 жылы 1 шілдеде индустрияландыру нәтижесі туралы жиналыста айтып өткен екі бағытта пайдаланамыз: бірінші бағыт – өнімді жұмыспен қамту және тұрғындардың табысын арттыруға көмек беру. Екіншісі  - экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтуге жәрдемдесу", — деді Мұхамадиева брифингте.

Оның айтуынша, бірінші бағыт бойынша сүт қабылдау пункттерінің желісін құру және отбасылық сүт фермаларын қолдау, отбасылық бордақылау алаңдарын құру және оның базасында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру сияқты бір қатар жобалар қаржыландырылады. Сондай-ақ осы бағыт шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарда жеміс-көкөніс өндірісін дамыту ынталандырылады.

Урожай зерна - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Қазақстан рекордтық астық жинады

Холдинг мамандарының есебі бойынша, бұл шаралар  ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша 192 мың жеке қосалқы шаруашылықты бейресми айналымнан шығаруға мүмкіндік береді, сүт зауыттары мен ет комбинатының өндірістік қуаттарын арттырады. "Сонымен қатар, бұл жағдай мемлекеттік бюджетке салық төлемінің түсімін ұлғайтады", — деді Мұхамадиева.

Оның айтуынша, жобаларды қаржыландыру жылдық 6%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады және тоғыз мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0