Қоғам

Бас прокуратура мен ІІМ Игорь Нанаевтың қазасын тергеуді бақылауға алды

© SputnikБас прокуратура
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомстволар көптеген қазақстандықтардың аяушылығын туғызған, жас баскетболшының қайтыс болу себептерін анықтау нәтижелері туралы жұртшылықты ақпараттандыруды көздеп отыр.

АСТАНА, 16 қаз – Sputnik. Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігі Петропавлда соққыға жығылғаннан кейін қаза тапқан баскетболшы Игорь Нанаевтың қаза болуын тергеу барысын бақылауға алатын болады.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Нанаев Игорьдың қазасына байланысты туған-туысқандарының қайғы-қасіретіне ортақтасады. Жақын күндері ІІД және облыс прокуратура өкілдерімен қоғамды толғандыратын сұрактарға қатысты пресс-конференция өткізіледі. Бұл іс еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың бақылауына алынды", — делінген жексенбі, 16 қазанда Бас прокуратура сайтында жарияланған хабарламада. 

Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Петропавл өлтірілген баскетболшы Нанаевпен қоштасты

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Петропавл қаласындағы ойын-сауық клубтарының маңында келушілер арасында қақтығыс орын алып, соның салдарынан "Барыс" баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев аяусыз соққыға жығылды. Спортшы ауыр хәлде облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бір аптадан астам уақыт бойы ол комада жатты. 10 қазан күні есін жимастан көз жұмды. 21 жасар күдікті ұсталып, тергеу изоляторына отырғызылды. 

Осы дерек бойынша СҚО ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және соның салдарынан болған адам өлімі) сот алды тергеу жүргізуде. Полиция қызметкерлері Нанаев соққыға жығу салдарынан емес, төбелесте қаза тапты дегенді алға тартады. 

Баскетболшының жақындары Игорьді бір адам ұрып өлтірді деген болжамына сенбейді. Өйткені оның  денесінде сегіз өлімші жарақат болған. Сондай-ақ, Игорьдің өзі төбелес шығарды дегенге сенбейді.  Қаза тапқан баскетболшының достары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚР Бас прокурорына жүгіну үшін қол жинаған. 

Игорь Нанаев 1993 жылы Өскемен қаласында  дүниеге келген. Республикалық  спорт интернатында оқып, басқа қалалар үшін ойнаған. Өткен маусымда ол Новосібірде болды. 2016-2017 жылғы ойын маусымы алдында ол Петропавлға келіп, оқу-жаттығулардан өткен. 1 қыркүйекте Нанаев "Барыс" баскетбол клубының  құрамына кірген.


Жаңалықтар
0