АСТАНА, 14 қаз – Sputnik. Армения президенті Серж Саргсян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының қатысуымен басталған Ұйым сессиясын ашу барысында әріптестері атынан Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады Sputnik Армения.
Қазақстан президенті сырқаттанып қалуына байланысты іс-шараға қатыса алмады.
"Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі отырысқа қатыса алмады. Әріптестер атынан тез сауығып кетуін жеткіземін", — деді Саргсян.
Бұған дейін Қазақстанды ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттануына байланысты үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ұсынатындығы хабарланған.
Сейсенбі күні Қазақстан президентінің баспасөз қызметі, Назарбаевқа суық тиіп, ем қабылдап жатыр деген мәлімдеме таратқан. Бейсенбі күні президенттің қызы сенатор Дариға Назарбаева журналистерге әкесінің денсаулығы жақсарып қалғандығын айтқан.
Жұма күні Қазақстан басшысы Бас прокурор Жақып Асанов және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесу өткізді.