Қоғам

Дариға Назарбаева: президенттің денсаулығы жақсарып қалды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанып қалуына байланысты бірнеше ресми іссапарларды кейінге қалдырған болатын.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсарып қалды деді Елбасының қызы, ҚР парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысынан кейін.

Эр-Рияд - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Сауд Арабиясына қазанның соңында баруы мүмкін

Сейсенбі күні 11 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев салқын тиіп қалғандықтан, ем қабылдауда деп хабарлаған болатын. Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтқандай, Елбасының денсаулығы ешқандай алаңдаушылық туғызбайды. Осы аптаның соңына дейін Елбасының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланған жоқ. Президенттің кейінгі қызметі әдеттегі жұмыс кестесіне сай жүргізілетін болады.  


Жаңалықтар
0