АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына іссапары қазанның аяғында болуы мүмкін делінді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз релизінде.
Назарбаевтың бұйрығымен Сауд Арабиясының астанасына Қазақстаннан ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған үкімет делегациясы барды.
Делегация Сауд Арабиясының үкімет мүшелері және ауыл шаруашылығы компанияларының өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді. СА қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Абдельрахман әл-Фадли, инвестиция және сауда министрі Маджид әл-Касаби және СА Қоғамдық инвестициялық қоры басқармасымен кездесу өткізілді.
"Кездесу қатысушылары биылғы жылы қазан айының аяғында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы корольдігіне ресми іссапарына дайындық контекстінде ҚР мен Сауд Арабиясы арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды", — делінген хабарламада.