Оқиға

Студент өлімі үшін сотталғандардың адвокаттары БАҚ-тағы бұрмалаулар туралы мәлімдеді

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрасыл Әубәкіровтің ісі бойынша адвокатар
Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша адвокатар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерасыл Әубәкіровті өлтіру туралы аты шулы қылмыстық іс бойынша адвокаттар сот ғимаратында өткен брифингте журналистермен кездесті.

АСТАНА, 14 қаз – Sputnik. Ерасыл Әубәкіровті өлтіру туралы аты шулы қылмыстық іс бойынша адвокаттар сот ғимаратында өткен брифингте журналистермен кездесті. 

Қаза тапқан медицина университеті студентінің, сонымен қатар 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Нұрбек Әжімбайдың қорғаушыларынан басқа сотталғандардың мүддесін қорғаған адвокаттардың сөзінше, кезекті рет сот талқылауының кейбір егжей-тегжейін түсіндіру туралы шешім қабылдаған. Бұл ретте құқық қорғаушылар бір мезетте резонансты істің негізгі егжей-тегжейін бірінші инстанциядағы сот үкімі күшіне енген соң жариялайтындарын айтады. 

Бұрмалаулар болмауы үшін

Медициналық жоғары оқу орынның студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру туралы іс бойынша үкім 12 қазан күні шықты: жазасын қатаң режимдегі колонияда ұзақ мерзімге өтеуге үш адам – Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко кесілді. 

сот - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ерасыл Әубәкіровтің өлімі: студент біреудің пайдакүнемдігінің құрбаны болды

Сот үкімі қазылар алқасының қатысуымен шығарылғанға қарамастан, жұртшылық бұл қарапайым емес қылмыстық істі "қазбалауды" тоқтатар емес. Жауапсыз қалған сұрақтар да аз емес. Бірақ қорғаушылардың атап өтуінше, оларға да жауап беріледі, бірақ қазір емес. Брифингке журналистерді шақырған адвокаттар "жорамалдар мен бұрмалау" болмауы үшін аздап сыр шертуді жөн көрген. 

"Ерасыл Әубәкіровтің  өлу себебі механикалық тұншығу болған. Ол тұншықтырылған, оған сутегі жетпеген. Бұдан бөлек, зерттеу кезінде зорлық әрекеттерінің іздері анықталған. Сараптама қорытындысы бойынша, ол саусақтармен мойын жағынан болған секілді. Басына жәй ғана қап кигізіп қана емесе, сыртынан қылқындырған", — деді қаза тапқанның адвокаты Тельман Әленов. Әленов үкім мәтініне сүйене отырып, Ерасыл Әубәкіровтің жансыз денесін Нұрбек Әжімбай көлікке салғанын айтады. Түсініксіз жағдайда студент өлтірілген коттеджі  Әжімбай өз атына жаға алған. 

"Кейіннен, ішінде мүрденің бар екенін білмеген, бұл автокөлікті Аян Мейрбаевтың қарындасы жүргізді. Ерасылдың мәйітін ол кенеттен көлік жуу орнында көреді. Іс материалдарында видео бар, ол жерде мүрденің қалай табылғандығы түсіп қалған", — деп толықтырады әріптесінің сөзін Аян Мейрбаевтың адвокаты. 

Адвокаттың айтуынша, Аян Мейрбаев кісі өлтіру күні қалада көбіне қарындасы Айым жүргізетін отбасылық автокөлікте жүрген. 

"Мәйітті шын мәнінде ол қала сыртына алып шыққан. Ешкім білмеген. Отбасы мүшелері оның көлігінің багажында Ерасыл Әубәкіровтің мүрдесі болғанын білмеген. Қыз өте жас, ол Аянмен болған жағдайдан қатты қорқып қалған. Ол есеңгіреп қалған", — деп атап өтті адвокат Ерлан Бекболов. Бекболов бойжеткеннің мүрдені жалғыз өзі шығарып тастай алмас, оған біреулер көмектескен деген журналистердің пікірімен келісті. "Шын мәнінде оның физикалық тұрғыдан жалғыз өзінің шамасы келмес еді. Ол адамдар тергеу кезінде анықталмаған", — деп мойындады адвокат. 

Тергеу жүйкесін шаршатты 

Аян Мейрбаевтың қорғаушысы ұзақ уақытқа созылған тергеу шаралары мен сот талқылауынан кейін Аян Мейірбаев оңалу курсын өтіп жатқанын айтты. Оның жүйкесі сыр берді, оған тергеу изоляторында үш ай бойы отыруы да әсерін тигізген. 

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі үшін сотталғандар 11 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды - Sputnik Қазақстан
Видео
Ерасыл Әубәкіров өлімі: 11 жылдан 20 жылға дейін сотталу

"Аян Мейрбаев  басынан өткен оқиғадан кейін емделіп жатыр. Бұл өте ауыр психологиялық зақым. Өзі жәбірленуші бола тұра бірнеше ай бойы түрмеде отырып, басынан соншама нәрсені кешіру. Әрине оның жүйкесі кішкене сыр берді. Осыған байланысты, ол емделіп жатыр, — деп нақтылады Мейірбаевтың тағы бір адвокаты Ерлан Біләлов. 

Бұдан кейін Мейірбаевтың адвокаты Аянның Ерасыл Әубәкіров өлтірілген коттеджге келген кезінде не болғанын айтып берді. "Біріншіден, ол коттеджге келген бетте бостандығынан айырылды. Оның басына пакет кигізіп, қолына кісен салынды, аяғын байлап тастады, көзін тұмшалады, аузына мақта тығып қойды. Мұның бәрі қарсылық көрсетіп, көмекке шақырмауы үшін жасалды. Сосын оған арақ ішкізген, өте көп ішкізген. Нұрбек Әжімбай видео түсіруді мақсат етіп, сосын осындай материалды қолға түсіргеннен кейін оны бопсалау үшін қолданбақ болған. Яғни Мейірбаев сол қулықтың құрбаны болған. Нұрбек Әжімбай Аян Мейірбаевқа "Сен Ерасыл Әубәкіровпен интим байланысқа түстің" деп айтады. Осы кезде мас адам дымды түсінбей, мұны сұрап, анықтай бастайды", — деді Біләлов. Ол сондай-ақ бұл қарапайым емес істе – "біз — құрбанбыз", деді. 


Жаңалықтар
0