АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Ақмола облысында апат салдарынан жылусыз қалған Гранитный ауылдық мектебінде сабақтар уақытша тоқтатылды деп хабарлады аудандық білім беру бөлімі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Өткен аптада Зеренді ауданы Гранитный аулындағы "Ардагер-Неруд" ЖШС дербес қазандығында апат болды. Апат салдарынан ауылдың мектебі мен мектепке дейінгі мини орталық жылусыз қалды.
"Мектептегі сабақтар уақытша тоқтатылды, мини орталық та жабық", — дейді агенттік сұхбаттасы.
Білім беру бөлімі ертең ауа жылытқыштар орнатқаннан кейін мектепте сабақ беріле бастайтынын айтып өтті. Пайдаланылған электр энергиясы шығынын жылумен қамтамасыз етуші ұйым өтейтін болды.

Ақмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды,
© Sputnik

