Өңірлер

Ақмлола облысында тұтас бір ауыл тоңып жатыр

© SputnikЗеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды
Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Ақмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Технологиялық апат бір апта бұрын болған. "Ардагер-Неруд" ЖШС –ға тиесілі қазанды іске қосу кезінде құбыр жарылды.  Салдарынан ауылдың 500-ге жуық тұрғыны мен барлық әлеуметтік нысандар жылусыз қалды.

© SputnikАқмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды,
Ақмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды, - Sputnik Қазақстан
Ақмола облысы Зеренді ауданында дербес қазандықта болған апат салдарынан Гранитный ауылы жылусыз қалды,

Жергілікті мектепте оқушылар сыртқы киіммен отыруға мәжбүр, сабақтар 35 минутқа дейін қысқартылды. Шағын орталықта балалар үшін электр жылытқыш қойған, бірақ балалрдың көбі ауырып қалды. Төтенше жағдай департаментінде атап өткендей, қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 

Өз кезегінде "Ардагер-Неруд" фирмасының директоры Sputnik-ке қазанның банкке кепілге қойылғанын хабарлады. Сондықтан оны жергілікті биліктің балансына беру мәселесі күрделілеу. 

"Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметінің деректеріне сәйкес, Зеренді ауданында бейсенбіде бұлтты ауа райы тұрақталған. Синоптиктер бүгін, көктайғақ пен тұман түседі деп болжайды. Күндіз ауа температурасы —3…+2 градус, түнде – 1…-6 градусты құрайды. 


Жаңалықтар
0