Саясат

ҰҚШҰ елдерінің басшылары ұйымның жаңа бас хатшысын сайлайды

© Sputnik / Амир Исаев / Медиабанкке өтуҰҚКҰ
ҰҚКҰ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше мемлекет басшылары жұма күні Ереванда ҰҚКҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау туралы шешім қабылданады

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшылары жұма күні Ереванда ҰҚКҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау туралы шешім қабылдап, терроризммен күрес және Дағдарысты әрекет ету орталығын құру мәселесін талқылайды. 

ҰҚКҰ - Sputnik Қазақстан
Әскери шолушы: террористер ҰҚШҰ "шекарасынан" өте алмайды

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшылары Арменияға барады. Ал Қазақстанды ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттануын байланысты үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ұсынады. 

Бұрынырақ ҰҚШҰ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰҚК саммиті басталар алдында Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері мен Қауіпсіздік кеңес хатшылары комитеті кеңесінің бірлескен отырысы өтеді. Онда ҰҚК сессиясына шығарылатын құжаттар талқыланып, сонымен қатар келесі жылға арналған ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құралдары мен күштерін қалыптастыру және басқару органдарын әскери және жедел әзірлігінің бірлескен іс-шаралар жоспары туралы шешім қабылданады. 

 

 

Жаңалықтар
0