Әскери шолушы: террористер ҰҚШҰ "шекарасынан" өте алмайды

© Sputnik / Мария АмелинаҰҚКҰ
ҰҚКҰ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Виктор Литовкин, әскери шолушы, отставкадағы полковник – арнайы Sputnik үшін

Орталық Азия өңірі – ҰҚКҰ үшін ең мазасыз бағыт. Әскери оқу-жаттығулардың көпшілігін сонда өткізудің басты себептерінің бірі де осы. 

Бөгетті жара алмады 

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы биік таулы "Эдельвейс" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік өңірінің Жедел өрістетілетін ұжымдық күштері әскери контингенттерінің "Рубеж-2016" тактикалық оқу-жаттығулары аяқталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің мыңға жуық әскери қызметкерлері мен 200 бірлік әскери техника қатысты. Атап айтқанда, Т-72 танктері, БТР-80 бронетранспортерлері, "Тигр" бронеавтокөліктері, «Град» дүркін атыс реактивті жүйесі мен 20-ға жуық ұшақ пен тікұшақ тартылды. Оның ішінде сегіз ұшақ пен ресейлік Орталық әскери округінің алты ұрыс тікұшақ, ал олардың арасында төрт Су-25 шабуылшысы мен Орталық әскери округіне есепті Қырғызстанда орналасқан "Қант" авиабазасының төрт Ми-8 тікұшағы бар. Бұдан бөлек, террористтер бойынша соққыны Саратов облысының Энгельстегі авиациялық базадан екі Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы жасады. 

Маневрлерді АҚШ, Қытай, Үндістан әскери атташелері және ҰҚШҰ-ға кіретін елдерінің әскери-дипломатиялық корпус өкілдері бақылады. 

Орталық Азия  - мазасыз бағыт 

Ағымдағы, 2016 жылы  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бірнеше осы секілді терроризмге ауқымды оқу-жаттығулар өткізді. Олар Тәжікстан, Белоруссия, Ресейдің Псков және Ленинград облыстарында, Қырғызстанда өтті. Олардың әр қайсысы туралы көптеген қызық дүние айтуға болады.  Бірақ неліктен біз "Рубеж-2016" оқу-жаттығулары туралы егжей-тегжейлі айтып отырмыз деген сұрақ туындайды? 

Ағымдағы оқу жылының аяқталып жатқандығына ғана байланысты емес, — бастысы, оның ҰҚКҰ үшін ең мазасыз бағыт – Орталық Азия өңірінде өтуінде. Оңтүстіктің – Ауғанстанмен шекаралас екендігі түсінікті. Ол жерде "Талибан" мен "Әл-Қайда" ғана емес, Ресей және Достастықтың басым елдерінде тыйым салынған Ислам мемлекетінің немесе Таяу Шығыста ДАИШ деп аталатын топтардың содырлары әрекет етеді.

Ол жерде АҚШ және НАТО-ның кейбір елдерінің бөлімшелерінің болуы олардың белсенділігіне еш әсерін тигізбейді. "ИМ" эмиссарлары Орталық Азия елдеріне кіріп, ол жерге есірткі кіргізіп, экстремистік әдебиет таратады, қару-жарақ сақтайды. Белгілі бір уақытта кезекті "түрлі түсті төңкеріс" туының астында бірнеше террористік акт жасау үшін радикалдар ұйымын жасақтайды.

Бұл ретте олардың Орталық Азия республикаларында қалу ойлары жоқ, олардың жоспарлары солтүстікке бағытталған. Ресей, Приволжье, Оңтүстік Орал және Каспий маңы елдері. Ең ақыры Солтүстік Кавказға дейін.   

Қорытынды Ереванда жасалады

14 қазанда Ереванда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті де террористер және ислам радикализмімен күрес жоспарына арналатын болады. Ол жерде, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжаның мәлімдеуінше, 2025 жылға дейінгі қауіпсіздік стратегиясы талқыланады. Ол сондай-ақ ҰҚКҰ Дағдарысты әрекет ету орталығын құру жобасы туралы айтты. 

"Бұл жерде де үдеріс жеткілікті деңгейде оң жүруде. Меніңше, президенттер шешімді бекітіп, біз соның негізінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт әрекетінің аймағындағы жағдайға мониторинг жүргізу орталығын құрамыз. Бұл орталық мемлекеттерімізде тиісті құрылымдармен  құжаттық, сандық, бенеақпаратпен бөлісіп, бейне конференциялар өткізуге мүмкіндік беретін болады", — деп түсіндірді ҰҚШҰ бас хатшысы.


Жаңалықтар
0