Өңірлер

Қазақстанда жұмыс аптасы бұлтты әрі жауын-шашынды ауа райымен аяқталады

© Sputnik / Болат Шайхиновқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. 

Алматыға алғашқы қару жауды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыға алғашқы қар түсті

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады,  15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қызылорда, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, түнде және таңертен жекелеген аудандарда тұман байқалады. Алматы облысының түнде және таңертен кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының жекелеген аумақтарында жолда көктайғақ болатыны болжанады. 

 


Жаңалықтар
0