АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Жұмаға қараған түні Алматыға алғашқы қар түсті, ауа температурасы нөл градусқа дерлік түсті.
Бір күні бұрын ғана алматылықтар жылы ауа райына тамсанып, олардан бір екі күн бұрын ерте қыс түскен елорда тұрғындарын келемеждеген.
Алмат облысында ауа райының бұзылу болжамы туралы Қазгидромет хабарлап, дауылды ескерту жариялаған. Синоптиктер 14 қазан күні түнде Алматы облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі деп ескерткен. Сондай-ақ,15 қазан күні түнде ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендейтіндігін айтылған.
Әлеуметтік желілер алғашқы қар мен қар басқан көшелердің суреттеріне толды.
Қазақстан ТЖ департаментінің ақпаратына сәйкес, алғашқы қармен байланысты келеңсіз оқиғалар болған жоқ. Су тасқындары туралы ақпарат түскен жоқ.