Экономика

"Эйр Астана" ақпарат ұсынбағаны үшін жауапқа тартылады

© AP Photo/Thomas Kienzle/POOLсот
сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот "Эйр Астана" АҚ ақпарат ұсынбағаны үшін жауапқа тарту туралы Монополияға қарсы органның шешімін қолдады

АСТАНА, 13 қаз – Sputnik. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қаулысын жою туралы "Эйр Астана" АҚ-ның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Эйр Астанаәуе компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Эйр Астана": билеттер теңге девальвациясы салдарынан қымбаттап кетті

Қыркүйектің соңында Бұған дейін "Эйр Астана" АҚ қатысты түскен шағымдар негізінде авиатасымалдау қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу мәніне тергеп-тексеру басталғаны туралы хабарланған болатын. Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылы әуе билеттері бағасының өсуі 40%-ды құраса, жекелеген маршруттар бойынша 77%-ға жеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар, "Эйр Астана"  әуе компаниясының бағасы басқа тасымалдаушы компаниялардыкінен 50%-ға айтқаны атап өтіліп, антимонополия органы компанияның өз басымдылығын шектен тыс пайдаланғаны жөнінде тексеруін бастап кетті. "Эйр Астананың" сейсенбі күні кеңейтілген түсініктемесінде, қазіргі кезде Қазақстанда төрт әуе компаниясы барлық бағытта тұрақты рейстерді жөнелтіп отыр деп нарықтың ашық екенін еске сала кетті.

Сондай-ақ монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдарға кедергі келтіргені үшін "Эйр Астана" АҚ қатысты әкімшілік іс қозғады.

"Қосымша осы іс бойынша БАҚ таратылған ақпаратқа түсінік береміз. Тергеп-тексеру объектісі хабарлағандай, монополияға қарсы орган қызметкерлері 2016 жылғы 20 қыркүйекте және 3 қазанда "Эйр Астана" АҚ ғимаратына өткізілген. Сонымен қатар, авиакомпанияға қатысты әкімшілік іс ағымдағы жылғы 7 қазанда қызметкерлерді өткізбеу туралы қозғалған", — делінген хабарламада.

Заңнамаға сәйкес тергеп-тексеру объектісі барлығы екі айды құрайтын тергеп-тексеру жүргізу мерзімінің ішінде монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына үй-жайға өтуге және басқа да заңды іс-әрекеттерді орындауға қол жеткізуге мүмкіндік беруге міндетті.

 


Жаңалықтар
0