Әлем

Гаитидегі "Мэтью" дауылында құрбан болғандардың саны 1 мыңға жетті

© REUTERS "Мэтью" дауылының салдары
Мэтью дауылының салдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апаттың кесірінен Гаитидің билік өкілдері 9 қазанға жоспарланған жалпыхалықтық сайлауды кейінге қалдырды.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Гаитидегі "Мэтью" дауылында құрбан болғандардың саны 1 мыңға жетті деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Рейтер агенттігінің сілтемесімен.

Бұдан бұрын құрбандардың саны 877 деп айтылған болатын.

Гаитидағы Мэтью дауылының салдары - Sputnik Қазақстан
Әлем
Гаитида 340-қа жуық адам "Мэтью" дауылының құрбаны болды

АҚШ дауылдарын бақылайтын ұлттық орталық Кариб бассейніндегі елдерде соғып, АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауын шарпып өткен "Мэтью" дауылы күші  пост-тропикалық циклонға дейін азайды деп жексенбі күні мәлімдеді.

"Мэтью" дауылы Атлантикада 2007 жылдан бергі ең күшті дауыл болып отыр. Қазіргі уақытта дауыл АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауын бойлап барады. АҚШ президенті Барак Обама Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай режимін жариялады. Табиғи апаттың салдарынан АҚШ территориясында 18 адам құрбан болды.

Бұдан бұрын БҰҰ хабарлауынша,  Батыс шарты жарының ең кедей елі Гаити үшін "Мэтью" дауылы 2010 жылғы жер сілкінісінен бергі салдары ең ауыр табиғи апат болмақ. 


Жаңалықтар
0