Астана, 7 қаз – Sputnik. Гаитида 339 адам Мэтью" дауылының құрбаны болды деп мәлімдейді РИА Новости Рейтер агенттігі сілтемесімен.
Ертеректе 283 адам қаза болды деп хабарланған.
"Мэтью" дауылы Атлантикада 2007 жылдан бергі ең күшті дауыл болып отыр. Болжамдарға сәйкес, жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні кешке "Мэтью" Флоридаға жетеді, содан кейін Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында соғады. АҚШ президенті Флорида және Оңтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай режимін жариялады.
Бұдан бұрын БҰҰ хабарлауынша, Батыс шарты жарының ең кедей елі Гаити үшін "Мэтью" дауылы 2010 жылғы жер сілкінісінен бергі салдары ең ауыр табиғи апат болмақ. Апаттың кесірінен Гаитидің билік өкілдері 9 қазанға жоспарланған жалпыхалықтық сайлауды кейінге қалдырды.