Оқиға

Павлодарда кафе келушілерін соққыға жыққан күзетшілер қамауға алынды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТергеу изоляторы
Тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот "Элекор Күзет" фирмасының екі қызметкерін екі айлық мерзімге қамауға алды.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Сот "Элекор Күзет" фирмасының екі қызметкерін екі айлық мерзімге қамауға алды деп хабарлады сот баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні Павлодар қаласының №2 соты "Элекор Күзет" фирмасының 37 және 39 жастағы екі қызметкерін екі айлық мерзімге тұтқындауға санкция шығарды. Екеуі де ҚР ҚК 252 бабы 2-бөлімі бойынша қарастырылған қылмыстық іс жасады деп күдіктеліп отыр. Осы бап санкциясына сәйкес жаза бойынша айыптылар үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір қызметтерді атқаруларына  бес жылға дейін тыйым салынады.

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодардағы төбелес: күзетшілер немесе бұзақылар

Павлодардағы кафеде болған оқиға әлеуметтік желілерде таралған бейнежазба арқылы белгілі болған еді. Ол бейнежазбада күзет агенттігінің екі қызметкері Павлодардағы ойын-сауық орындарының бірінде келуішіні соққыға жыққан. 

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтып өткендей, кафе рұқсат етілген қаруы мен лицензиясы бар күзет құрылымымен келісімшарт жасасқан.

"Келушілердің есеп айырыспай кеткені рас. Күзетшілер келіп, оларды қуып жетіп, есепті төлеуге мәжбүрлеген. Содан кейінгі оқиғаны әркім өзінше түсіндіреді. Қазір мұның бәрі тергелуде. Сол себепті қандай да бір түсініктеме беру қиын. Осы іс бойынша тергеу жүргізіліп, барлық деректер қарастырылады. Содан кейін заң бойынша екі тарапқа да айып тағылады. Бұл анық", — деп қорытындылады Қасымов. 


Жаңалықтар
0