Оқиға

Павлодардағы төбелес: күзетшілер немесе бұзақылар

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодардағы ойын-сауық орындарының бірінде күзет агенттігінің екі қызметкері келуішіні соққыға жыққан.

АСТАНА, 4 қаз — Sputnik. Әлеуметтік желіде таратылған бейнежазбадағы Павлодар мекемелерінің біріндегі келуші мен күзет агенттігі қызметкерлер арасындағы төбелес дерегі бойынша тексерілу жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада, Павлодардағы ойын-сауық орындарының бірінде күзет агенттігінің екі қызметкері келуішіні соққыға жыққан.

 

 

Аймақтық ішкі істер департаменті берген ақпарат бойынша, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты тексеру жүргізілуде.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен "Элекор Күзет" фирмасының екі қызметкері ұсталды", — делінген полиция хабарламасында.

ІІД мәлімдемесіне сәйкес, әзірге полицияға ешкім шағым түсірмеген.

Sputnik қызметкерлері осы оқиғаға қатысқан күзет агенттігіне хабарласты.

"Әзірге ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Біздің қызметкерлеріміз екені рас. Шын мәнісінде, бейнежазбада оқиғаның соңғы ғана түсірілген, басы жоқ. Біздің қызметкерлер тектен-тек ешкімді соққыға жықпас еді. Жағдайға  байланысты жазаларын алатын болады. Бәлкім өкілеттігін асыра пайдаланған болар. Мұның бәрі тексеруден кейін анықталады. Күзет бригадасы белгілі бір жанжал шыққан кезде шақырылады. Сол себепті, төбелес  жайдан-жай шықты деп ойламаймын", — деп хабарлайды  "Элекор Күзет" телефон арқылы.  

Sputnik агенттігіне сұхбат берген фирма қызметкерінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта басшылық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына кеткен.


Жаңалықтар
0