Оқиға

Алматы әуежайында сынап төккен азамат екі айға тұтқындалды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуТұтқындау
Тұтқындау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
3 қазан күні Алматы әуежайында сынап төккен күдіктіні 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Алматыдағы Түріксіб аудандық соты 3 қазан күні Алматы әуежайында сынап төккен күдікті – Қызылорда қаласының тұрғынын екі айға тұтқындауға үкім шығарды деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Жолаушылар эвакуациядан кейін Алматы әуежайына оралуда - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы әуежайында сынап төгілгеннен кейін алты рейс кешіктірілді

Алматы-Тбилиси әуе рейсінің жолаушысы 3 қазан күні шыны құтыға құйылған сынапты бортқа алып кірмек болды. Қауіпті зат тексеру барысында табылғанда, құтыны қоқысқа лақтырып жіберген. Сынап төгілгеннен кейін, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері терминал ғимаратынан тез арада қауіпсіз жерге көшірілген болатын.  Сондай-ақ,  үш ішкі және үш халықаралық рейс кешіктірілген еді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 286 бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.


Жаңалықтар
0