Әлем

Владимир Путин 64 жасын жақындары мен достарының қасында атап өтеді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин туған күнін жақындары мен достарының қасында атап өтеді; мемлекет басшысы жұма күні 64 жасқа толды.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин туған күнін жақындары мен достарының қасында атап өтеді; мемлекет басшысы жұма күні 64 жасқа толды. 7 қазанға ресми іс-шаралар жоспарланбаған, дегенмен осының алдында ресейлік басшының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков атап өткендей, Путин бірнеше адаммен телефон арқылы әңгімелеседі. 

Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Путиннің туған күніне орай iPhone 7-нің арнайы топтамасы шығарылды

Песков журналистерге, президенттің биылғы туған күнін туыстары, жақындары мен достарының қасында атап өтетінін айтқан. "Халықаралық қоңыраулар, құттықтаулар болады", сондықтан "қалай болғанда да қандай да бір субстантивті мәселелер мемлекет басшысымен талқыланатын болады", деп нақтылады ол.

Путин өткен жылғы туған күнінде қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесіп, Сочидегі хоккей матчына қатысты. Оның алдындағы бір жыл бұрын президент біраз уақыттан бері алғаш рет демалыс алып, Сібір тайгасына барды. Ол жерде жақын елді мекеннен бірнеше жүз шақырым жерде өзіне "жаяу жүру күнін" жариялап, таулы аймақта тоғыз шақырымға жуық қашықтықты жүріп өтті.  

РФ Президенті Владимир Путин мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев Путинге: сайлау өтті, енді еркінсуге болады

Бұрындары Путин туған күнін жұмыс сапарлармен өткізген: осылайша, 2013 жылғы 7 қазанда Индонезиялық Бали аралында АТЭЫ саммиті өткен.Оның жалпы отырысында президент сөз сөйледі. Отырыстың басталар алдында  Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдойоно Ресей президентіне ерекше сыйлық жасап, Happy Birthday to You өлеңін орындады. 

Президент пен премьер-министр қызметінде боған кезінде, Ленинград тумасы Путин туған күнін бірнеше рет Санкт-Петербургте атап өтті.  


Жаңалықтар
0