Оқиға

Кісендегі қоштасу: Пак күзетші айдауымен анасын соңғы сапарға аттандырды

© PhotoЮрий Пактың анасын жерлеу
Юрий Пактың анасын жерлеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың анасы үкім шығарылғаннан бір күн бұрын көз жұмған еді.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. "Бомба" туралы телефон шалғаны үшін екі жылға сотталған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак анасының жерлеуіне күзетші айдауымен, қолы кісендеулі күйінде қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.Мұғалімнің анасы үкім шығарылғаннан бір күн бұрын көз жұмған еді.

Суд приговорил школьного учителя Юрия Пака к двум годам лишения свободы по обвинению в лжетерроризме в Караганде - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Юрий Пактың оқушылары: өз өмірін өрнек етіп, оқытатын мұғалімдер көп пе?

5 қазан сәрсенбі күні Қарағандыда Юриф Пактің анасы жерленді. Людмила Пак тез асқынған онкологиялық ауру салдарынан үкімнің шығуына бір күн қалғанда қайтыс болды. Туысқандарының айтуынша, ұлын ойлап уайымдағандықтан, марқұмның дерті асқынып кеткен екен.

Юрий Пактің әйелі Ольганың өтінішімен, Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының соты мұғалімнің анасын соңғы сапарға шығарып салуына рұқсат беріпті. Бірақ әлеуметтік желілерде Юрий Пак анасымен қоштасудан бас тартты деген сыбыс тараған болатын. 

Жерлеу күні Юрий Пак тегреу изоляторынан рәсімге жеткізілді, күзетшілер оны мұқият қорғап, мұғалім солардың біріне кісендеулі тұрды.

"Күзетшілер бізге оларды суретке түсірмесін деп айтқан еді. Суреттеріміз тарап кетпесін деп адамша өтінген болатын. Көлік нөмірін де түсірмеңіздер", — деп сұрады Ольга Пак журналистерден. 

Қоштасу рәсіміне марқұмның туған-туыстары, достары және Юрийдің көптеген оқушылары қатысты. 

"Юрий Дмитриевич, анаңыз сізді қалай тәрбиелесе, біздің балаларымызға да сондай тәлім бергеніңіз үшін рахмет. Сіз сияқты мұғалімдер өте аз. Соңына дейін сізбен боламыз, отбасыңызды жалғыз қалдырмаймыз", — деді ата-аналардың бірі.

© SputnikДмитрий Пак анасын соңғы сапарға аттандырды
Дмитрий Пак анасын соңғы сапарға аттандырды - Sputnik Қазақстан
Дмитрий Пак анасын соңғы сапарға аттандырды

Бірсағаттық жаназадан кейін күзетшілер Юрий Пакті арнайы көлікке отырғызып, жазасы өтеліп жатқан ТИ-16 орнына жеткізді. Ол изоляторда апелляцияға дейін болады. Қоштасарда Пак  қолдау көрсеткен жандарға "рахмет" деп қана үлгерді. 

 

#Repost @kazmma with @repostapp ・・・ Ибо каким судом судите, таким будете судимы; и какою мерою мерите, такою и вам будут мерить.” (Матф.7:2).. Когда он говорил свою последнюю речь его мама еще была жива. Вчера она не выдержала и умерла…. Суд не счел это обстоятельсьво достойным отсрочки заседания и сегодня его забрали из зала суда, приговорив к 2 годам лишения свободы, не дав ему возможности похоронить маму.. Это цена честности и силы простого учителя, воспитывавшего наших с вами детей: "Я мог пойти на процессуальное соглашение и получить условный срок. Но я не пошел на это, потому что не совершал этого преступления. Мне не в чем признаваться! Я воспитываю двоих детей. Как бы я им потом смотрел в глаза? Что признался в преступления, которое не совершал? Как я после этого смогу воспитать из своего сына мужчину?", — сказал Юрий Пак в своем последнем слове.. Кто защитит простого учителя в нашей стране? Сможем ли мы смотреть в глаза нашим детям, когда боимся встать на защиту справедливости и трусливо надеемся, что минует нас чаша сия? Давайте поддержим человека и отдадим этот приговор на суд общественности!. Делитесь этой информацией, ставьте #хештеги и выясните, что мы хотим видеть в своей стране #СУД_ИЛИ_СУДИЛИЩЕ??? #УЧИТЕЛЬНЕВИНОВАТ @uchitelnevinovat БУДЬ СИЛЬНЫМ! ИНАЧЕ ЗАЧЕМ ТЕБЕ БЫТЬ! ЖАЛЫНДАП ЖАНҒАН ОТ БОЛ! ОТ БОЛА АЛМАСАҢ ЖОҚ БОЛ! BE STRONG! OR WHAT ARE YOU LIVING FOR! #BESTRONG #БУДЬСИЛЬНЫМ #БУДЬСИЛЬНЫМИНАЧЕЗАЧЕМТЕБЕБЫТЬ

Фото опубликовано Юрий Пак (@uchitelnevinovat) Окт 3 2016 в 7:56 PDT

 

Жаңалықтар
0