Экономика

"Өнертапқыш" шенеуніктер: антирейтингке кім енеді

© Photo : СЦКАблай Мырзахметов
Аблай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ұлттық палата басқармасының төрағасы Абылай |Мырзахметов Қазақстан мен Ресейдің сауда қарым-қатынастарын дамытуға кедергі келтіретін ведомстволардың рейтингін жасауды ұсынды.

АСТАНА, 4 қаз — Sputnik. ҚР Ұлттық палата басқармасының төрағасы Абылай |Мырзахметов Қазақстан мен Ресейдің сауда қарым-қатынастарын дамытуға кедергі келтіретін ведомстволардың рейтингін жасауды ұсынды. 

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан-Ресей шекара маңы форумы: 4 қазанда не күтіледі

Оның айтуынша, екі ел арасында кездесетін кедергілер сейсенбіде ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында өткен қазақстандық-ресейлік іскерлік кеңестің отырысында көтерілген тақырыптардың бірі болған. 

"Өкінішке орай, біз проблемаларды көріп отырмыз. Қазір реестрде 400-ден астам кедергілер бар. Олардың саны азайып отырған жоқ", — деді Мырзахметов журналистерге отырыс үзілісінде. Қазақстандық кәсіпкерлерге осы уақытқа дейін кездесетін кедергілер арасынан, ол кеме қатынасын атады.

Онда қазіргі уақытқа дейін қазақстандық өзен кеме қатынасының ресейлік өзен аймағына кіру бойынша түсінікті ереже жоқ. Сонымен қатар, оның атап өтуінше, Ресейде алдын ала ескертудің 30-дан астам ветеринарлық бекеті құрылған,  ол қазақстандық ет өнімдерінің экспорттаушыларына "қосымша" кедергі болып табылады. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы 2015 жылғы тауар айналым - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан мен Ресей арасындағы 2015 жылғы тауар айналым
 

"Кез келген кедергілер "ойлап тапқыш" органдардың рейтингін жасап, оларды үкімет басындағылар мен мемлекет басшыларының қарауына жолдауды ұсынамыз. Меніңше, рейтингтерді жариялау – әсерлі тәсілдердің бірі", — деді төраға.

Бұл рейтингке кеден қызметі мен "Россельхознадзор" енер еді, деді ол. 


Жаңалықтар
0