Экономика

Қазақстан-Ресей шекара маңы форумы: 4 қазанда не күтіледі

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанВладимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
3-4 қазанда Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының шекара маңы форумы өтіп жатыр.

АСТАНА, 3 окт — Sputnik. 3-4 қазанда Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының шекара маңы форумы өтіп жатыр. Ең маңызды отырыстар мен келіссөздер форумның екінші күні, яғни 4 қазанға жоспарланған. Ол күні қазақстандық-ресейлік бизнес форумға екі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады.

Sputnik форумның екінші күніне арналған бағдарламасымен танысуды ұсынады.

Іскерлік кеңес

Түске дейін форум аясында іскерлік кеңестің жалпы отырысы жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресейдің экспорттық саудасын дамыту, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының импортын алмастыру келешегі, сонымен қатар қазақстандық өнімді өңірлік ресейлік нарықтарға экспорттау мәселелерін талқылау қарастырылады.

Туризм, көлік, логистика

Қазақстан мен Ресей арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері форум аясындағы панельдік сессияда талқыланатын болады. Ресейлік тарап Мәскеуге туристерді тарту тәжірибесімен бөліседі, Қазақстан өз кезегінде Астананың туристік әлеуетін ұсынады. Тараптар екі елдің шекара маңындағы аймақтарының туристік мүмкіндіктерін қарастырады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көліктік әлеуетінің дамуы бизнестің қажеттіліктерін қамтамамыз ету контекстінде талқыланатын болады. Атап айтқанда, автокөлік бағыттарын, ішкі және шектес су жолдарымен кеме қатынасын дамыту,  сонымен қатар мульти модальді көліктік бағыттарда су көлігін  пайдалану мәселелері талқыланатын болады.

Сыпайы аяқтау

Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин форумға күннің екінші жартысы, яғни түстен кейін бизнес-форумның жабылуына келеді. Мемлекет басшылары кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеп, ЕАЭО елдерінің көліктік-логистикалық әлеуетінің презентациясымен танысады, сонымен қатар олар екі жақты құжаттарға қол қоюға қатысады.

Бейресми тілдесу

Қатысушылар үшін форумның соңғы күнінде салтанатты қабылдау ұйымдастырылады. Одан бөлік екі күн ішінде оларды ЭКСПО-2017 нысандарына экскурсияға алып барады.

Жаңалықтар
0