АСТАНА, 4 қаз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді. Сонымен қатар ол республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі мемлекет басшылары екі жақты келіссөздер өткізіп, олардың барысында ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге өңірлік бірлестіктер аясындағы интеграция мен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылайды.
Кездесу қорытындылары бойынша көшбасшылар екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін Ресейлік-Қазақстандық бизнес форумға қатысады.
Содан кейін мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XIII Өңіраралық ынтымақтастығының форумына қатысады. Іс-шараның негізгі тақырыбы — "Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту".