АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде Астанаға барып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Еуразиялық ынтымақтастық аясындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
"Төртінші қазанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға (Астана) сапары өтеді. Путин мен Назарбаев екі жақты келіссөздер өткізіп, олардың барысында ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге өңірлік бірлестіктер аясындағы интеграция мен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланатын болады", — делінген хабарламада.
Кездесу қорытындылары бойынша көшбасшылар екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін Ресейлік-Қазақстандық бизнес форумға қатысады.
Содан кейін мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының дәстүрлі форумына қатысады.
Іс-шараның негізгі тақырыбы Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту болып табылады.