Қоғам

ІІМ Алматы әуежайында болған сынапқа қатысты оқиға туралы пікір білдірді

© SputnikҚазақстанның Ішкі істер министрлігі
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Тбилисиге сынап тасымалдауға әрекет жасаған, 1988 жылы туылған ер адам ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың Sputnik-ке хабарлауынша, Алматы әуежайында төгілген сынапты көлемі 200 миллилитрлік құтымен тасымалдамақ болыпты.

"3 қазан күні таңертең Алматы әуежайының халықаралық ұшуларды тексеру аймағында әуе қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлері жолаушыдан 200 миллилитрлік құтыға құйылған сұйық зат тауып алды"  — деді Сәдубаев агенттікке телефон арқылы.

Жолаушылар эвакуациядан кейін Алматы әуежайына оралуда - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы әуежайында сынап төгілгеннен кейін алты рейс кешіктірілді

Жолаушының Алматы-Тбилиси рейсімен ұшпақшы болғаны анықталды. Мәселенің анық-қанығын білу барысында ол құтыдағы сұйықтықты қоқыс ыдысына төккен. Алматы қаласының СЭС және ТЖД қызметкерлері төгілген сұйықтықты құйып алды. Экспертиза тағайындалып, тергеу жүргізілуде.  

Сәдубаев ер адам қай елдің азаматы екендігі әлі анықталмағанын айтып өтті. Сонымен қатар, ҚР ІІМ көлігінде ІІД баспасөз қызметінің Sputnik-ке берген мәліметі бойынша, 1988 жылы туылған ер адам қамауға алынған.

Бұрын хабарланғандай, сынап төгілгендіктен, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері шұғыл түрде терминал ғимаратынан шығарылды, сондай-ақ үш ішкі және үш халықаралық рейс кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта Алматы халықаралық әуежайының бүкіл қызметтерінің жұмысы толықтай қалпына келтірілді. 


Жаңалықтар
0