АСТАНА 28 қыр — Sputnik. Мәжіліс депутаттары (парламенттің төменгі палатасы) "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мәліметінше, заң жобасымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін республикалық бюджетте 2 триллион 880 миллион теңгеден 2 триллион 479,7 миллиард теңгеге дейін азайту қарастырылады. Азайту республикалық бюджеттің кірісінің күтілген артық орындалуымен, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын жинақтаумен байланысты болып отыр.
"Біз бүгінгі таңда нақтыланған бюджет жобасында ұсынылып отырған кірістерге (республикалық бюджетке кірістер— ред.) толық сенімдіміз. Кірістер бойынша атқарулар жоқ деген деректер болуы мүмкін емес. Бұл мүмкін емес, өйткені болжамдау мұқият іске асырылды", — деді Бишімбаев мәжілістің жалпы отырысында.
© Sputnik / Айдын АлданғаровҚазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті
Қазақстанның 2017-2019 жылдарға республикалық бюджеті
© Sputnik / Айдын Алданғаров