Экономика

Ұлттық экономика министрлігі: мұнай долларсыз жүзуді үйреніп жатырмыз

© Photo : Министерство национальной экономики РКҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Қуандық Бишімбаев дүйсенбі күні қазіргі таңда үкіметтің Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа концепциясымен жұмыс істеп жатқандығын айтты. Ол осы мұнай "қобдишасынан" кірістердің түсімін қысқартуды қарастырады.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Қуандық Бишімбаев дүйсенбі күні қазіргі таңда үкіметтің Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа концепциясымен жұмыс істеп жатқандығын айтты. Ол осы мұнай  "қобдишасынан" кірістердің түсімін қысқартуды қарастырады.

Трансферт көлемін қысқарту туралы шешім бұдан бұран қабылданған. Қыркүйектің басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнай шығарудан түскен қаражатты, яғни Ұлттық қордағы шоғырланбалы пайданы елдің ағымдағы қажеттілігіне жұмсалудың қысқартылуын талап еткен. Оның үстіне осы жылдан бастап. Ал мәжілісте өткен үкіметтік сағатта, ол мұнай бағасының құбылмалылығына байланысты ұзақ мерзімді стратегия екендігі анықталды.

"Мұнай бағасының арзан болуы шарттарында Ұлттық қордың сақталуын қамтамасыз ету маңызды", — деді Бишімбаев. – Біздің базалық болжам бойынша Ұлттық қордан түсетін трансферттің жыл сайынғы көлемі әзірге Ұлттық қорға түсімдердің көлемінен асатын болады. Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап Ұлттық қордан тартылатын қаражат көлемі біршама қысқаратын болады, деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біз Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа концепциясын әзірлеу үстіндеміз. Оны осы жылдың соңына дейін әзірлеп, үкіметтік қарауына ұсынатын боламыз".

Жаңалықтар
0