АСТАНА 28 қыр — Sputnik.Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Қуатты өңір – қуатты Қазақстан" акциясы аясында өңірлердің күндері өткізіледі. 1-2 қазанда Астанаға Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының өкілдері ат басын тірейді. Астаналықтар өңірлердің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, ауыл шаруашылық өнімдерін де сатып ала алады, көрмелер мен спектакльдер тамашалайды деп хабарланады елорданың ресми сайтында.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 400 тоннадан астам өнім өткізбек, соның ішінде 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдері, 17 тонна өсімдік майы және т.б. бар.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының өкілдері өз тауарларын ұсынады. Астаналықтар өңірлердің мәдени мұрасымен де таныса алады.
Елордада кешеден бері ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармашылық кештері, қайырымдылық акциялары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелері өткізіліп жатыр.
1-2 қазанда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ЕҰУ, Назарбаев университетінде білім алып жүрген ақтөбелік студенттермен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездеседі.
1 қазанда Астана тұрғындары мен қонақтары "Жастар" театрында "Есігіңді қаққан кім?", "Беу, қыздар-ай" спектакльдерін тамашалайды.
1 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Жаңғырған асыл мұра" және облыстық кітапхананың "Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау" атты көрмелері ашылады.
Мәлімет беретін баспасөз материалдары мен кітаптары қамтылған.
Дәл осы күні сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға" Маңғыстау облысы өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді. Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысының атақты, кеңінен танымал, жан-жақты музыкалық жанрдағы, әр-түрлі бағыттағы аспапты және вокалды мектептерінің өнерпаздары өз өнерін ортаға салады.