АСТАНА, 27 қыр – Sputnik. Астанада Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында 28 қыркүйекте сағат 14.00-ден 17.00 дейін Республика даңғылы, 45 мекен жайы бойынша орналасқан "Мечта" сауда үйінде "Жүректі сақтаңыз" акциясы өтеді.
Шара барысында астаналықтар кардиолог дәрігерден кеңес ала алады. Сондай-ақ, мамандар қанның құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтайды, қан қысымын өлшейді.
Консультация беру мен диагностика жасау тегін болады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 29 қыркүйекте аталып өтіледі.