АСТАНА, 27 қыр — Sputnik, Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеу қаласындағы РФ президенті іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында емін жалғастырып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Алмаз Усеновке сілтеме жасай отырып.
Оның деректеріне сәйкес, Атамбаев ол бұдан бұрын өзін тексерген дәрігерлердің бақылауында.
"(Жүрек соғуының) ырғақсыздығын жою үшін РМҒА академигі, профессор Амиран Ревишвили шақырылды. Қазіргі уақытта жүрек соғысы ырғағының бұзылуына байланысты проблемалар толық жойылды", — деп жазды Усенов әлеметтің желідегі өзінің парақшасында.
2008 жылғы уланудан кейін президенттің өңешіне Түркияда ота жасалғандығын еске салды.
"Атамбаев тексерілуден өтті. Алдын алу мақсатында өңешіне эндоскопиялық аргонды-плазмалық абляция жасалды. Дәрігерлер оның денсаулығының біршама жақсарғандығын атап өтуде", — делінген хабарламада.
Дәрігерлердің тұжырымы бойынша, президенттің жағдайы қанағаттандырарлық, осы аптаның соңына ауруханадан шығуы мүмкін, деп хабарлады Усенов.
Мәскеулік дәрігерлермен бірге емдеу ісіне Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Гульмира Баитова қатысуда.