АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев емін жалғастыру үшін Мәскеу қаласындағы Орталық клиникалық ауруханаға келді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мамандардың ұсынысы және ресей тарапының шақыртуымен ол бұдан бұрын өзін тексерген дәрігерлерде емін жалғастырады. Мәскеуге сондай-ақ, ҚР президенті және үкіметі іс басқармасының
Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, кардиолог Гульмира Баитова келді.
Қырғызстан президенті 19 қыркүйекте Ыстамбұлда Ататүрік атындағы әуежайда өзін жайсыз сезінген болатын. Қырғыз делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке бара жатты.