АСТАНА 27 қыр — Sputnik. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің алғашқы қатысушылары желтоқсанда көрменің жылжымайтын мүлік нысандарына келе бастайды деп мәлімдеді "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев.
Досаевтың айтуынша, "Люкс недвижимость Group" ЖШС және "BI GroupCorporation" ЖШС жобалау компаниялары ЭКСПО-2017 аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде пайдалануға беруі тиіс.
"Алайда қазіргі уақытта әзірге инженерлік желілер жүргізілмеген. Соған байланысты сіздерден ағымдағы жылғы қазанның соңына дейін барлық жұмысты аяқтауға Астана әкімдігіне тиісті тапсырма беру туралы сұрағым келіп отыр", — деді Досаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа үкімет отырысында.
"ЭКСПО алғашқы қатысушылары желтоқсанда келе бастайды, сондықтан барлық инфрақұрылым— су, жылу, кәріз жүйесін осы уақытқа дейін толық тарту керек", — деп қосты Досаев.