АСТАНА, 6 қыр — Sputnik.Қазақстан азаматтары үшін "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне кіру үшін туристік пакеттердің құны 40 мыңнан 125 теңгеге дейін құрайды, деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өрлеу және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжүнісов.
10 маусымнан бастап www.tickets.expo2017astana.com сайтында ЭКСПО-2017-ге билеттерді онлайн-сату ашылған. Сатылым басталғанда ең арзан билет 4 мың теңге болатын.Сондай-ақ билеттерді кассаларда сату іске қосылған.
"Мысалы, 20 адамға үш күнге топтық тур: экономпакет 40 мың теңгеден, стандарттық пакет 59 мың теңгеден, премиум-пакет 125 мың теңгеден басталады. Пакеттер біздің атсалысуымызбен тікелей туристік безнеске қатысушылармен құрылады", — деді Чайжүнісов қоғамдық кеңес отырысында.
Осы соммаға үш күндік тур кіреді, онда тұру орны, тамақтану, трансферт, гид қызметтері және көрмеге бару қарастырылған. Бұл ретте авиакөлікпен, теміржол қатынасымен келуді таңдауға болады немесе келушілердің қалауына байланысты төлемге қонақ үйсіз билеттерді ғана кіргізуге болады.
Шетелден ЭКСПО-2017-ге 15% келушілер — 300 мыңнан 500 мыңға дейін шетелдік азаматтар келеді деп жоспарлануда. 2017 жылы көрмеге туристерді тарту мақсатында 37 мемлекетке — ЭЫДҰ елдеріне (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), сондай-ақ Малайзия, Сингапур және БАӘ-ге визасыз режим енгізілген.