АСТАНА 26 қыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ЖКО салдарынан бес адам қаза тапты.
Осы мәліметті Sputnik-ке Қазақстан ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.
"25 қыркүйекте Астана уақытымен 20.00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау автожолының 208-210 шақырымында "Mercedes" жеңіл көлігі "Газель" көлігімен соқтығысты", —деп хабарлады ол.
Оның мәліметінше, соқтығысу салдарынан екі көлік те өртенді. Оқиға салдарынан екі жүргізуші және "Mercedes"-те болған үш жолаушы қаза тапты.
Иманқұлов атап айтқандай, оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті өкілдері, өрт қызметінің есептеушілері, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Күре жол медициналық құтқару бекеті медициналық жұмысшылары келді.