АСТАНА, 23 қыр – Sputnik. Павлодар облысында болған ірі өрт салдарынан агроөнеркәсіп кәсіпорынының жұмысшы қаза болды, деп хабарлады Қазақстан ТЖК баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жұма, 23 қыркүйек күні сағат 08.44-те Павлодар облысы Ақтойға аудан орталығына орналасқан "Ақтоғай-Агро" ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер 8 сағат 47 минутта оқиға орнына жеткенде ангардағы жалын тілі аумағы 6 мың шаршы метрден асатын көкөніс қоймасына көшкен. Өрт бір сағатта өшірілді. Оқиға орнынан
"Ақтоғай-Агро" ЖШС-ның 1991 жылы туған қызметкерінің мәйіті табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облыстық ТЖД жеке құрамының 16 қызметкері және 2 өрт сөндіру техникасы, 20 жергілікті тұрғын мен олардың 2 техникасы, агрофирманың 50 қызметкері мен 1 техникасы тартылды.