АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан валюта нарығындағы тамыз айындағы жағдайды тұрақты деп сипаттады. Бұндай бағалаумен сейсенбіде Kapital.kz порталында өткен онлайн конференция барысында бөлісті.
"2016 жылғы тамызда валюта нарығындағы жағдай тұрақты болды. Тамыз айында теңге бір АҚШ долларына 352,25 теңгеден 340,10 теңгеге дейін 3,4%-ға нығайды. Қыркүйектегі жағдай да тыныш. 19 қыркүйектегі айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 339,35 теңге деңгейінде қалыптасып, тамыздың аяғымен салыстырғанда (0,2%-ға) аздап нығайды", — деді Ұлттық банк басшысы.
Ақышевтың сөзіне қарағанда, айырбас бағамының деңгейі мұнайдың әлемдік бағасы және сауда серіктестері елдерінің валюта бағамы секілді сыртқы факторлардың соңғы уақытта тұрақталуы көрінісінің белгілері.
"Ұлттық банк қажет болған жағдайда бағам құбылысының көрт өзгеруін реттеу үшін саудаларға қатысады", — деп атап өтті ол.