Әлем

"Единая Россия" дума сайлауында ең көп дауыс жинады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуПредварительные итоги голосования
Предварительные итоги голосования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕР дума сайлауында 93% астам хаттамаға және федералдық округтер мен бірмандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасында 343 мандатқа ие болды. КПРФ — 42 мандатқа, ЛДПР — 39, "Справедливая Россия" — 23 матдатқа ие болды.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik.  Парламенттің төменгі палатасының жаңа шақырылымдағы сайлауы аяқталды, "Единая Россия" сайлаушылардың ең көп дауысын жинады деп хабарлады алтыншы шақырылымдағы Мемдума спикері Сергей Нарышкин.

Голосование на выборах в Госдуму России - Sputnik Қазақстан
Мемдумаға сайлауға қатысу бес жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен
Есептеу қорытындысы бойынша, ЕР дума сайлауында 93% астам хаттамаға және федералдық округтер мен бірмандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасында 343 мандатқа ие болды. КПРФ — 42 мандатқа, ЛДПР — 39, "Справедливая Россия" — 23 матдатқа ие болды. Өзге партиялар 93% хаттама қорытындысы бойынша Мемдумаға 5-пайыздық кедергіні  еңсере алмады.

"Сайлау өтті, төрт фракция парламентте ұсынылады. "Единая Россия" партиясы ең көп дауыс жинады. Учаскелерге келгендердің барлығына, мені және менің әріптестерімді қолдағандарға алғыс айтамын", — деді Нарышкин журналистерге.

Конституциялық ең көп дауыс жинау конституцияның бірқатар бөлімдерін өзгертуге және президенттік ветоны еңсеруге мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
0