АСТАНА, 18 қыр – Sputnik. Орталық Ресейдің 16 өңіріндегі жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік думаға депутаттар сайлауына сайлаушылардың қатысуы бес жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен деп хабарлайды РИА Новости.
РФ Мемдумасына сайлауға дауыс беру жексенбіде Орталық федералдық округтің 16 облысында өтуде. Тульск және Тверь облыстарында өңір басшылары, Курск, Липецк, Орлов, Тамбов және Тверь облыстарында — өңірлік парламенттер сайлануда.
Түске қарай Белгород облысының тұрғындары ең белсенді екендіктерін көрсетті. 12 сағаттағы мәліметтерге қарағанда, осы өңірдегі сайлаушылардың қатысуы 24,48% (293,347 мың адам) құрады. Алайда мұнда да төмендеу бар: алдыңғы сайлауда осы уақыттағы қатысу 25,24% құрады.
Жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік думаға сайлауға 14 партияның федералдық тізімі тіркелген. Бұл "Родина", "Коммунисты России", Российская партия пенсионеров за справедливость, "Единая Россия", "Зеленые", "Гражданская платформа", ЛДПР, Партия народной свободы (ПАРНАС), Партия роста, "Гражданская сила", "Яблоко", КПРФ, "Патриоты России" және "Справедливая Россия" партиялары.