Спорт

Ғабидуллина Паралимпиада спортшыларының үздік топ-3-тігіне кірді

© REUTERS Казахстанская пловчиха Зульфия Габидуллина
Казахстанская пловчиха Зульфия Габидуллина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Паралимпиада ұлттық комитетінің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтың бәсекелестері американдық Татьяна МакФаден мен бразилиялық спортшы Вероника Сильва Хиполито болып отыр.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Рио-2016 алтын жүлдегері Зүлфия Ғабидуллина Паралимпиада ойындары әйел-спортшыларының үздік топ-3-тігіне кірді және Whang Youn Dai Achievement Award арнайы аталымдағы сыйлығын алуға үміткер деп хабарлайды Қазақстанның паралимпиада ұлттық комитетінен.

Зүлфия Ғабидуллина - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ғабдуллинаның алтыны: 50 жастағы үлкен жеңіс
Whang Youn Dai Achievement Award аталымын халықаралық Паралимпиада комитеті тағайындады, егерде Зүлфия Ғабидуллина жеңіске жетсе, таза алттыннан құйылған 75 грамдық медальмен марапатталады. Сыйлық мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортты дамытуға үлесін атап көрсетеді.

ҚР Паралимпиада ұлттық комитетінің мәліметтеріне сәйкес, қазақстандықтың бәсекелестері американдық Татьяна МакФаден мен бразилиялық спортшы Вероника Сильва Хиполито болып отыр.Бұл аталымға барлығы үш үздік спортшы-ер адам мен үш үздік спортшы-әйел қатысады. Жеңімпаздың есімі 15 қыркүйекте белгілі болады, ол 18 қыркүйекте өтетін Паралимпиада ойындарының жабылуында тапсырылады.

Зүлфия Ғабидуллина Қазақстан үшін Рио-дағы Паралимпиадада алғашқы алтынды жеңіп алды. 50 жастағы спортшы 100 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде бірінші болып мәреге жетті.

Жаңалықтар
0