Астана, 9 қыр – Sputnik. Қазақстандық спортшы Зүлфия Ғабидуллина 50 жасында еліміз үшін паралимпиада ойындарында алғашқы алтын медалді жеңіп алып, өзіне артылған сенімді ақтап шықты.
Ғабидуллина Паралимпиадада Риода 100 метр қашықтықта еркін жүзуде үздік нәтиже көрсетті.
"Біз Зүлфияның жеңісіне сендік, оған үлкен сенім арттық, қазір ол сол сенімді жасына қарамастан ақтап шықты. Жеке жаттықтырушысы алдына қойған міндеттерді ол орындады және өз жетістігімен көрсетті", — деп жауап берді Sputnik тілшісіне Жамбыл облысы дене шынықтыру мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы басшысының орынбасары Нұрлан Жолшыбеков.
Зүлфия Габидуллина қазіргі таңда мүгедек-спортшылардың "Дос Тараз" бірлестік қоғамының мүшесі бола отырып, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры, Қазақстан Республикасынына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлының қол астында жүзумен тұрақты түрде жаттығады.
2014 жылдың 24 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік спортшы-2013" салтанатты іс-шарада "Жеңіске ұмтылыс" марапатын иеленді.
Жолдастар арасында беделді, мінезі ашық-жарқын, еңбекқор спортшы, бапкерінің тапсырмасын уақытымен орындауға тырысады.
Жолдастар арасында беделді, мінезі ашық-жарқын, еңбекқор спортшы, бапкерінің тапсырмасын уақытымен орындауға тырысады.