АСТАНА, 9 қыр — Sputnik. Қазақстандық Зульфия жүзуден рекорд орнатып, Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарланады ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің сайтында.
Ғабидуллина 100 метр қашықтықта еркін жүзуде үздік нәтиже көрсетті.
БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық спортшы қытайлық Пэн Цюпин мен украиналық Ольга Свиредскаяны басып озып, 1:30.07 уақытпен әлемдік рекорд орнатты.