АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Танымал музыкалық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле сотқа жұбайына қастандық жасауға әреттенді деп айыпталған әкесін қорғаушы ретінде қатысады деп хабарлады сотталушының қорғаушысы Бекболат Жансейітов.
Сәрсенбіде осы қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.
"28 қыркүйекте кезекті сот отырысы өтеді", — дей келе ол осы күні басты сот талқылауы өтетінін айтты. Қорғаушы соттың жабық өтетінін айта келе, ойын айтудан бас тартты.
"Ол сотталушының қорғаушысы болып табылады. Әкесінің қорғаушысы болады", — деді қорғаушы.
Баян Есентаева алдын ала тыңдауларға қатыспайды. Сотталушы Есентаев сотқа күзетпен жеткізілді. Сотталушыға бұлтарпау шарасы бұрынғы қалпында — қамауда қалдырылды.
Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.