АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Танымал музыкалық продюсер, жұбайы Баян Есентаеваға қастандық жасауға әреттенді деп айыпталған Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот талқылауы жабық режимде өтеді деп мәлімдеді Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Берікжан Байжүнісов.
Сәрсенбіде сотта осы қылмыстық іс бойынша алдын алда тыңдау өтеді. "Сотталушы Есентаевқа жыныстық қылмыс жасады деген айып тағылғандықтан (…), сондай-ақ сотталушы мен жәбірленушінің өмірлерінің интимді жақтары туралы мәліметтерді таратпау мақсатында ҚР ҚПК 29 бабына сәйкес жабық сот талқылауын өткізу қажет", — деді қаулыны оқыған судья.
Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.