Әлем

Ғалым ұялы телефондар жаңа пандемияға себепші болуы мүмкін екенін айтты

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Смартфондардың бетін зерттеген ғалымдар осындай қорытынды жасады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Квинслендте (Австралия) Бонд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу ұялы телефондар қауіпті патогендер – бактериялар мен вирустарға толы екенін көрсетті.

Сол себепті ауру жұқтырмас үшін телефонды да дезинфекциялау қажет, деп хабарлайды Daily Mail.

Университеттің молекулярлық биология кафедрасының доценті Лотти Таджури зерттеу аясында 165 медицина қызметкерінің ұялы телефонын тексерді. Ол дәрігерлер операция алдында да қолымен телефон ұстайтынын көргеннен кейін осындай зерттеу жүргізуге бел буған.

"Біз тексерген ұялы телефондар бактерияларға, вирустарға, тіпті паразиттерге толы болды", - деді доктор Таджури.

Сондай-ақ, ғалым 52 проценті телефонды ванна бөлмесінде, ал 57 проценті ешқашан гаджеттерін жумағанын анықтады.

Таджуридің пікірінше, ұялы телефонға "үшінші қол" ретінде қарап, оны міндетті түрде дезинфекциялап немесе жуып отыру керек.

Тағы оқыңыз: Телефон қасыңызда тұрғанда не жайлы сөйлесуге болмайды

"Біз жануарлардың да, өсімдіктердің де патогенін таптық. Сондықтан қауіпсіздік жайлы ойланыңыз", - деді ол.

Таджури денсаулық сақтау шенеуніктерін жаңа індет басталмай тұрып,  университет зерттеуіне назар аударуды сұрады.

Тағы оқыңыз: 

Жаңалықтар
0