Әлем

Байден мен Меркель "Солтүстік ағын" жайында келісті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуРабочие на строительстве газопровода, архивное фото
Рабочие на строительстве газопровода, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Жазылу
Кремльдегілер "Солтүстік ағын – 2" жобасы арқылы Украинаға қоқан-лоқы көрсетуге ниетті емес екенін, бұл коммерциялық тұрғыдан алғанда тиімді жоба екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. АҚШ пен Германия арасындағы келіссөздің мән-жайын барлығы асыға күтіп отырған шақта Киев бұл жобаның тек Украинаға емес, бүкіл әлемuе қауіп төндіреді деген ойынан айныған жоқ6 деп жазды РИА Новости.

"Ресей энергия ресурстарын саяси қысым көрсету құралы ретінде пайдаланады деген айыптауларды әркез жоққа шығарып келді. Ресей мұндай әрекетке барған емес, бармайды да. Барлығы коммерциялық келісімдер мен коммерциялық мақсатқа сәйкестігінің нысаны болып отыр", - деп түсіндірді кезекті рет РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бір күн бұрын Вашингтон Германиямен арадағы келісім жайлы айтты. Бір апта бұрын Ангела Меркель Ақ үйге іссапармен барған болатын.

Видео
АҚШ "Солтүстік ағын -2" жобасына қарсы коалиция құрады: бұл құрылысты тоқтата ма?

Америкалықтардың пікірінше6 Ресейге энергия ресурстарын саяси қару ретінде қолдануына жол бермеу аясындағы ортақ мақсатта бірқатар ілгерілеу бар. Вашингтон Польша және Украинамен концультация жүргізгені белгілі. 98 процентке дайын газ құбырының құрылысын аяқтауға кедергі келтірмейді. Алайда Ресей құбыр желісін асыра пайдалануға тырысатын болса, Германия қандай да бір шара қолдануға міндетті болады. Біраз бұрын ол Мәскеуге қарсы біржақты әрекеттерге қарсы болып келген. Қазір де аса үлкен құлшыныс байқалмайды.

Берлин инвестицияларды Украинаға энергияның экологиялық көздеріне көшуге көмектесетін Жасыл қорға ауысуға көмектеседі. Бұл шамамен бір миллиард долларды құрайды және Германия 175 миллион доллар көлемінде алғашқы жарна жасайды. Сонымен қатар Киевке энергетикалық жобалар жөніндегі арнайы өкіл мен қосымша тағы 70 миллион доллар жөнелтеді.

Сондай-ақ Берлинге Ресей мен Украина арасындағы газ транзитін кемінде он жылға дейін созу жөнінде талап қойылды. Дәл сол күні, яғни 21 шілдеде кешке Меркель мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті де, "Газпром" мен "Украина Нефтогаз" арасындағы келісім жайын талқылады.

Ресей президенті неміс тарабының жоаны жүзеге асыруға қатысты қолдауына ризашылық танытып, оның тек коммерциялық сипатта екенін тағы еске салды. Меркель жақында ғана Байденмен арада болған келіссөз жайымен бөлісті. Мәскеу де, Берлин де газ құбыры құрылысының аяқталуға жақын қалғанына көңілі толатынын жеткізді.

Жасыратыны жоқ, Украина жобаның жүзеге асуына мейлінше қарсылық танытып келді. Ел президенті Владимир Зеленский 12 шілдеде Ангела Меркельмен немістердің бас қаласына жолығып, жобаны жабуға көндіруге тарысты. Бірақ канцлер бұл ұсынысқа келіспеді.

Киев тіпті Меркельді "Украина мүддесін сатып кетті" деп те айыптады. Брақ ол әдіс те көмектеспеді. Politico басылымы хабарлағандай, Вашингтон Киевті сабыр сақтауға шақырған көрінеді. Себебі серіктестердің жоспарына қарсы шығу америкалық-украиналық қарым-қатынасқа нұққсан келтіруі мүмкін.

Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2020
Әлем
Сарапшы "Солтүстік ағын–2" жобасына қатысты Байденнен не күтуге болатынын айтты

АҚШ конгресмендері Байден шешіміне нарызы екендерін жасырмады. Техас штатының республикашыл сенаторы Теед Круз ол келісімді "АҚШ пен оның одақтастары үшін апат және Путиннің геосаяси жеңісі" деп атады. Сол сияқты Стив Уомак пен Джим Риш те өткір пікір білдірді.

"Киевтің реакциясына қарағанда, олар қаражатты күтіп жатыр. Бірақ қазіргі жағдай тым басқа. Ресейге қарсы тұрғаны үшін оларға ақшаны оңай бере қоймайды", - деп санайды. неміс саясаттанушысы Александр Рар.

Ал украиналық экономикалық сарапшы Александр Охрименко Киевке енді ірі көлемдегі инвестициялар күтпесе де болатынын айтты.

Украиналықтарға балама нұсқа ретінде неміс компанияларын бизнесті Украинада жүргізуге шақыруға болады. Бірақ ол үшін алдымен құқықтық жүйеге, жеке меншік туралы заңнамаға өзгертулер енгізу керек болады.

Америкалықтар да ЕО энергетикалық сяасатының бақылауымен өз сұйылтылған табиғи газын Германия мен Еуроодаққа сатуға қызығып отырған жоқ. Бірақ "Украинаның дамуын қаржыландыруды" да қаламайды, деп санайды Рар.

"Бұл Вашингтон мен Мәскеудің емес, трансатлантикалық қарым-қатынасқа қатысты мәселе. Мұны америкалық саясаттың ақылға қонымды әрекет етуі десе де болады. Байденнің алдында үлкен таңдау тұрды. Әйтсе де негізгі серіктестерінің бірімен кикілжің болғанын қаламағандықтан, қысым көрсетуден бас тартты. Бұл негізінен Германияның жеңісі. Себебі Германия өз дегенінен қайтпады. Ал америкалықтарға кері шегінуге мәжбүр болды", - дейді Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов.

Германияда Солтүстік ағын – 2 құрылысын тоқтату талабы айыпталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2020
Видео
"Солтүстік ағын – 2" жобасының тағдыры не болмақ?

"Жоғарғы экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің халықаралық қарым-қатынас департаментінің доценті Татьяна Романова жобаның құрылысына кедергі келтірудің нәтиже бермейтіні анық болған деп санайды. Алайда жақында жаңа қатер туындайды.

"Газ құбыры іске қосылуының ықтималдылығы жоғары. Бірақ қалпына келетін энергия көздері басым болатын 2030-2035 жылдарға қарай америкалық қысым емес, Еуроодақтағы энергетикалық теңгерімді өзгерту проблемаға айналады", - дейді ол.

Көптеген текетірестен кейін "Солтүстік ағын – 2" аяқталуға жақын. Германия осы құбыр желісі үшін ұзақ күресті. Ангела Меркель биліктен кеткеннен кейін де немістер жобадан бас тартуы екіталай. Ал жасыл энергетикаға келсек, газдың орнын толық алмастыру мүмкін емес. Сондықтан сарыла күткен және аса қымбат жобаның өзін өзі ақтауына әлі де үміт бар.

Жаңалықтар
0