Видео

"Солтүстік ағын – 2" жобасының тағдыры не болмақ?

Жазылу
Германияда Алексей Навальныйдың улануына байланысты "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысын тоқтату талабына қатысты түрлі пікірлер айтылуда

Бундестагтың экономика және энергетика комитетінің басшысы Клаус Эрнстің пікірінше, Еуропаны газбен қамтамасыз етуге арналған жобаны тоқтату қателік болады. Неміс саясаткері RT Deutsch-ке берген сұхбатында мұның Германия мен Еуропаға тиімсіз екенін айтты.

Еске сала кетсек, Навальный 20 тамызда ұшақта ауырып, Омбыдағы ауруханаға жатқызылды. Кейін оны Германияға жеткізді. Неміс дәрігерлері Навальныйдың "Новичок" улы заттар тобына жататын затпен уланғанын мәлімдеді.

"Солтүстік ағын – 2" – Балтық теңізі арқылы Ресейден Еуропаға тартылатын жаңа газ құбыры. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 55 миллиард текше метр.

Жаңалықтар
0